Бүгін Алматыда өткен «Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті: гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту» атты «дөңгелек үстел» барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы Юрий Булуктаев осындай пікір айтты.
Ю.Булуктаевтың сөзіне қарағанда, 55 елдің басшылары мен үкімет басшыларының, 60 халықаралық ұйымдардың, 500 ҮЕҰ өкілдерінің саммитке қатысуға келісім беруі саммиттің тек қана ірі шара емес, сонымен қатар Қазақстанды халықаралық деңгейде мойындау мен беделінің белгісі. «Қазақстан үшін Саммит - әлемдегі қауіпсіздікті қалыптастыру бағытында халықаралық істерге қатысудағы жаңа кезең. Сондай-ақ Қазақстан мен оның президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа білдірілген үлкен сенім. ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммитке қатысуға келісім беруі тек қана заманауи шақыртулар мен қауіп-қатерге өз қөзқарастарын білдіру емес, сонымен қатар Қазақстанды табысты, тұрақты мемлекет ретінде мойындауы деп білемін»,- деді ҚСЗИ сарапшысы. Оның пікірінше бұл мойындау Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік саладағы дамуы мен ішкі саясатты табысты жүргізу арқасында ішкі жағдайы тұрақты мемлекетке айналуының нәтижесінде орын алып отыр.
«Қазақстанда соңғы жылдары ішкі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен табыстылығы посткеңестік елдерге үлгі болуда. Қазақстан -әлемдік қаржы дағдарысын аса шығынсыз, қиындықсыз өткізген санаулы елдердің бірі. Елде тек тұрғын үй саласы ғана емес, әлеуметтік салалардың -мектеп, аурухана, спорттық және мәдени нысандардың құрылысы жүргізілуде. Ескі ғимараттар мен жолдар жөнделіп жатыр. Қазақстан билігі теңестірілген ішкі саясат жүргізуде. Бұл тек қана Қазақстан дипломатиясының және ішкі саяси ведомстволардың табысы емес, бүкіл Қазақстан халқының жетістігі. Бұл жетістіктің бастауы - ел басшыларымен мемлекет пен қоғамның даму бағыты ретінде таңдалып алынған саяси жаңғыру, тұрақтылық»,- деп атап өтті Ю.Булуктаев.
Әлемдік қауымдастықтың мойындауынша, Қазақстан қазіргі кезде тек ТМД елдерінде ғана емес, Шығыс Еуропада да экономикалық реформалардың сапасы мен ауқымы, деңгейі жөнінде жетекші орында. Қазақстан қазір халық саны жағынан Орталық Азияның төрттен бірін құраса, кіріс жөнінен үштен екісін қамтамасыз етеді. Үш халықаралық рейтинг агенттігі Республикаға халықаралық инвестициялық рейтинг берді. Мемлекет тарапынан азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігі, демократиялық үрдістердің жылдамдауы тұрақты жолға қойылды», деді саясаттанушы.
«Қазақстанның саяси тұрақтылыққа қол жеткізуі ішкі саяси үрдістердің параметрлерін тұрақты түрде өзгерту арқылы жүзеге асырылуда. Шын мәнінде Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық өзгерту тұрғысында саяси тұрақтылық бірінші орынға шыққаны рас. Өйткені бұл мемлекеттің қауіпсіздігі мен басқа салалардағы өзгерістердің тиімділігімен тығыз байланысты. Саяси тұрақтылық биліктің проблемаларымен тығыз байланысты. Өйткені қоғамға тиімді, жауапкершілігі мол билік қажет. Бұл ретте билік Қазақстандағы саяси тұрақтылықты өте жоғары деңгейге көтерді. Қазір қоғам ауызбіршілігі мықты болса ауқымды жетістіктерге қол жеткізе алатынын түсінді. Бұл ретте Қазақстанды ең тұрақты ел ретінде кез келген мемлекет мойындайды », деп атап өтті сарапшы.