ЕҚЫҰ саммиті кезінде ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды әуежайы пайдаланылуы мүмкін

АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордада желтоқсанның 1-2-сінде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитін өткізу барысында ауа райы қолайсыз болған жағдайда Қарағанды әуежайын пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

«Қазіргі уақытта мәселен, ауа райы ұшып-қонуға қолайсыз болса Қарағанды қаласының әуежайын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда», - деді І.Омаров.