ЕҚЫҰ саммиті кезінде елордадағы қоғамдық тәртіпті 7 мыңға тарта полицей күзететін болады

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиті кезінде елордадағы қоғамдық тәртіпті 7 мыңға тарта полицей күзететін болады. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз айтты.

«ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет басылары саммитінің өтуі барысында қалада тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін, Ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 6930 қызметкері мен 710 техника бірлігі жұмылдырылады», - деді Н. Ораз.

Оның сөзіне қарағанда, аталған күштерді ,техниканы басқару және үйлестіру мақсатында ІІД-нің бастығының басшылық етуімен арнайы жедел штаб құрылды.