Келген қонақтар Мемлекеттілік тарихы музейінің «Тәуелсіз Қазақстан және оның негізін қалаушы Н.Ә. Назарбаев», «Қасиет», «Этнография», «Археологиялық» галерея, «Сақ», «Қазақ әлемі. И.Тасмағанбетовтың жеке коллекциясы», «Тарихи» галерея және «Астананың бүгінгісі мен өткені» туралы залдарынан «Көркемсурет» галереясынан Қазақстанның ежелгі дәуірден осы күнге дейінгі бай тарихынан мағлұмат беретін бірегей экспонаттар коллекцияларымен таныса алады.
Қонақтар назарына «Астана: өткені мен бүгінгісі», «Елбасы және Елорда» және «Қазақстан - ЕҚЫҰ-на төраға» атты фотокөрмелер ұсынылады.
«Астана: өткені мен бүгінгісі», «Елбасы және Елорда» деп аталатын фотокөрмеде Еуразия құрлығының ең әдемі қалаларының біріне айналған Қазақстанның жас астанасының дамуы, қалыптасу кезеңдері мен Астананы құруға қайталанбас қолтаңба қалдырған Елбасының ерен еңбектері көрініс тапқан.
«Қазақстан - ЕҚЫҰ-на төраға» атты фотокөрме Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төраға болуына арналады. Фотосуреттерде 2010 жылдың хроникасы, Елбасы Н.Назарбаевтың Еуропа елдерінің басшыларымен кездесулері, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық ету барысындағы тарихи маңызды оқиғалар көрініс тапқан.
Музейдің жұмыс уақыты: күнделікті сағат 10.00 ден 19.00 ге дейін.
ҚР Президенттік мәдениет орталығының концерт залында Саммит қатысушылары мен қонақтары қазақтың үздік жезтаңдай әншілерінің орындауындақазақтың дәстүрлі және классикалық әндердің концертін тамашалайды.
28 қараша, сағат 19.00 «Сарыарқа» ансамблі мен «Шалқыма» би ансамблінің қатысуымен фольклорлық концерт.
29 қараша, сағат 19.00 «Ақжауын» мемлекеттік камералық оркестрінің концерті.
2 желтоқсан, сағат 19.00 Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің концерті.