ЕҚЫҰ Саммитіне 1 мың 200-ден астам БАҚ өкілдері тіркелді

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Астанада 1-2 желтоқсанда өтетін ЕҚЫҰ Саммиті барысынан әлемнің түкпір-түкпіріне хабар тарату үшін 1 мың 200-ден астам БАҚ өкілдері тіркелді. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ Саммитіне арналған үш көркемсуретті маркадан тұратын пошталық блокты айналысқа енгізу салтанаты барысында ведомствоның Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко мәлім етті.

«Қазақ елі үшін тарихи сәт болып табылатын Астана Саммитінің басталуына да аз уақыт қалды. Бұл ретте «Қазпошта» АҚ айтулы күнді ерекше шарамен атап өтіп жатқанына ризашылығымызды білдірмекпіз. Бұл ретте айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін Саммит барысынан хабар тарату үшін 1 мың 200-ден астам шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілдері тіркелді. Қазіргі күні журналистердің жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалуда», - деді салтанатты шара барысында Роман Василенко.

Естеріңізге сала кетейік, үш көркемсуретті маркадан тұратын пош­талық блокта Қзақстан Туы аясындағы Президенттің Ақорда резиденциясы, Тә­уел­сіздік сарайы, Бейбітшілік пен келісім са­райы, «Қазақ елі» монументі бейнелен­ген.