«ҚР Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес елордада күзгі демалыс уақыты өзгертілді. Бұл ЕҚЫҰ Саммиті кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр», деп атап өтті әкімнің баспасөз қызметінен.
Мәселен, жалпы білім беру мекемелерінде 5-7 қараша - демалыс күндері деп жарияланса, 8-12 қарашада сабақ қайта басталады. Бірінші оқу тоқсанының аяқталуына орай болатын демалыстың қысқартылғанымен, оқушыларға 29 қараша мен 5 желтоқсан күндері аралығында демалуға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ, техникалық және арнайы оқу орындардың оқушылары үшін 29 қараша мен 5 желтоқсан аралығы - демалыс күндері. Айта кетейік, бұл күндер есебінен алдағы қысқы демалыстар қысқартылатын болады.
Білім министрлігі мектепке дейінгі мекемелердің де жұмыс кестесін бекітті. Сенбі, жексенбі, яғни 27-28 қараша жұмыс күндері болса, 29-30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында балабақшалар жұмыс істемейді.