Бейсенбі, қыркүйектің 16-сында Венадағы Хофбург сарайында басталған ЕҚЫҰ-ның электрондық дауыс беру мәселелеріне арналған екікүндік семинарында Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов осылай деді.
Қ.Тұрғанқұлов сондай-ақ, семинарға қатысушыларды электрондық дауыс берудің түрлі жүйелері мен әдістерін пайдаланудағы теориялық және тағлымдық тәжірибелерімен белсенді алмасуға шақырды.
«ЕҚЫҰ елдеріндегі элетрондық дауыс берудің ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары» деген тақырыпқа арналған семинарды Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы ұйымдастырып отыр.