«ЕҚЫҰ шолу конференциясы: қорытындылар мен жаңа міндеттер» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өткізіледі

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - 2010 жылғы 29 қараша күні Астана қаласында Қазақстанның Азаматтық Альянсы «ЕҚЫҰ шолу конференциясы: қорытындылар мен жаңа міндеттер» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өткізеді.

Өткен ҮЕҰ-дар форумы Қазақстанның барлық азаматтық секторы үшін маңызды оқиғаға айналды әрі үкіметтік емес сектордың дамуы сұрақтарын ғаламдық деңгейде талқылаудың жақсы мүмкіндігі болып табылды. Қазақстандық ҮЕҰ-дарға өз жетістіктері мен табыстарын атап көрсету, пікір алмасу, Еуропа елдерінің үкіметтік емес ұйымдарынан келген әріптестерімен тіл табысып, тәжірибе алмасудың да тамаша мүмкіндігі сай келді. Шара, сол ретте, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалогтың одан әрі дамуына септігін тигізуде.

Конференцияның өткізілуін қорытындылау үшін, аймақтық Азаматтық Альянстардың және еліміздегі басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жиналады.

«Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде - азаматтық қоғамның әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша алдағы міндеттерін талқылау, заңдарды жылжыту, еліміздің үшінші секторының тұрақты дамуына әрекеттесу бағдарламалары және аталмыш сектордың дүниежүзілік қоғамдық қоғамдастыққа интеграциясын жан-жақты қарастыру. Бүгіндері үкіметтік емес ұйымдар мемлекетпен жемісті түрде әрекеттесіп келеді. Десек те, шешімін талап ететін ішкі сауалдар баршылық. Мәселен, ҮЕҰ-дарды растау немесе қаржылық мөлдірлік пен азаматтық қоғамның институттарының есеп беруге тиістілігі», - дейді ҮЕҰ-дарды дамыту бағдарламаларының директоры Андрей Емелин.

Дөңгелек үстел ширақ және тиімді өтіп, азаматтық қоғамның дамуының одан арғы стратегиясы жасалынады деп күтілуде. Ағымдағы жыл - Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етіп отырған жылы - бүкіл ел үшін, азаматтық қоғам үшін аса маңызды болуда.