ЕҚЫҰ төрағасы Қанат Саудабаев Молдова мен Днестр бойы басшыларымен кездесулер өткізеді

None
ИШИНЭУ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы -Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Шығыс Еуропа елдеріне сапарының қорытынды кезеңінің аясында бүгін,

Кишиневте Молдованың және Тираспольде Днестр бойы басшылығымен кездесулер өткізеді.

Сапар бағдарламасына сәйкес Қанат Саудабаев Кишинэуге наурыздың 31-і күні кешқұрым келді. Молдова елордасында ол ел Президентінің міндетін атқарушы, Парламент спикері Михай Гимпумен, сондай-ақ ел премьер-министрі Владимиром Филатпен кездеседі. Молдова премьерінің орынбасары - сыртқы істер және еуропалық ықпалдастық министрі Юрием Лянкэмен де келіссөз жоспарланып отыр.

Кишинэуден кейін Қанат Саудабаев Тираспольге барады, онда Днестр бойы басшысы Игорь Смирновпен кездесу жоспарланып отыр.