«Саммит жылына бір рет өткізіледі. Ал министрліктер саммиті 2-3 желтоқсанда Швецияда өтеді. Мен ол жиын өте кең ауқымда және бетпе-бет жүздесу форматында өтеді деп үміттенемін. Әрине, Қазақстан оған қатысатын болады. Біз қазір осы Саммитте қандай декларация қабылдануы мүмкін екенін қарастырып жатырмыз», - деді Анн Линде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуден кейін өткен брифингіде.
13:56, 12 Сәуір 2021
ЕҚЫҰ төрайымы келесі Саммит қашан өтетінін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линде жыл аяғында ұйымның тағы бір саммиті өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.