«ЕҚЫҰ осыған ұқсас жағдайларда объективті бітімгер ретінде қатысуға қажетті барлық құралдар және механизмдерге ие және Украина билігін шиеленіскен жағдайды басуда қолдауға әзір», - деп атап өтті Буркхальтер.
08:55, 23 Қаңтар 2014
ЕҚЫҰ Украинаға саяси дағдарыстан шығуға көмектесуге әзір
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Швейцарияның сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ төрағасы Дидье Буркхальтер Украинада болып жатқан жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осы мәселеге орай ұйымның тәуелсіз сарапшы ретінде қатысуға барлық мүмкіндіктері бар екенін мәлімдеді. Оның мәлімдемесінің мәтіні халықаралық ұйымның сайтында сәрсенбі күні кешке жарияланды.