«Елге келген азаматтардың қандай да бір экстремистік діни топтарға қатысы бар екендігі анықталып жататын деректер кездеседі. Оны кері қайтару мүмкін емес. Өйткені оның отаны азаптауларға қарсы конвенцияға қосылмаған. Елде қалдыру да мүмкін емес, ондай адамды қандайда бір еуропалық елдің қабылдауы да неғайбыл», - деді ол.
Оның атап өтуінше, мигранттарды мейлінше тиімді интеграциялау үшін қабылдайтын елге оларға тілін, мәдениетін үйрету бағытындағы ауқымды жұмыстар атқаруы қажет.
Бұл орайда қор өкілі мигранттар құқығын қорғау және оларды экстрадициялау мәселелерін шешу үшін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен ЕҚЫҰ жанында мигранттар мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңес органын құру қажет деп санайды. Оның пікірінше, бұл орган Қазақстанда және Еуропа елдерінде қалыптасқан оң тәжірибені таратумен айналысар еді.