«Бізден 700 жарық жыл қашықтықта күн тәрізді жұлдыздың айналасында айналатын газ алыбын байқау планетаның құрамы мен қалыптасуы туралы маңызды ақпарат береді», - деп хабарлады агенттік.
НАСА-дан мәлімдегендей, бұл жаңалық болашақта «Джеймс Уэбб» кішкентай жартасты планеталардың жұқа атмосфераларында көмірқышқыл газының құрамын анықтап, өлшей алады. «Алдыңғы бақылаулар, соның ішінде НАСА-ның «Хаббл» және «Спитцер» ғарыш телескоптары аталған планетаның атмосферасында су буының, натрий мен калийдің болуын көрсетті. «Джеймс Уэббтің» инфрақызыл сенсорларының арқасында көмірқышқыл газының бары расталды», - деп атап өтті NASA-дан.
Фото: www.nasa.gov