«Ел Арна» ертең Руслан Мырсатаев пен Филипп Хрговичтің жекпе-жегін трансляциялайды

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 9 маусымда Лондонда Әлемдік бокс сериясының (WSB) финалында «Astana Arlans» командасының ауыр салмақтағы боксшысы Руслан Мырсатаев хорваттық Филипп Хрговичпен қолғап түйістіреді.

Жекпе-жек маусымның 9-ынан 10-ына қараған түні сағат 00:30-да басталады.