Жуырда EL ARNA телеарнасы хабар таратудың жаңа форматына көшуді жоспарлап отыр. Эфир мазмұны енді жастар аудиториясына арналады. Сүйікті көрерменге телеқойылымдар мен кинодан басқа, танымдық жанрдағы 17 жаңа тележоба ұсынылады. Олардың қатарында TED Talks, викториналар, ток-шоулар, киберспорт және IT-технологиялар туралы телебағдарламалар да бар. Телеарнаның сайтын да көптеген өзгерістер күтуде.
EL ARNA көрермендеріне арнап Instagram желісінде байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін:
1. @elarna_tv арнасының парақшасына тіркелген болуыңыз қажет;
2. Бейнеқұттықтауды өз парақшаңызға жүктеп, #Еларна5жыл хештегін белгілеген жөн.