«Еларна» телеарнасы «Хабар» агенттігінің құрамына кіреді және дәстүр бойынша спорттық бағдарламаларға елеулі көңіл бөледі. Спорттық трансляция продюсері Асқат Жақаевтың айтуынша, ұлттық құраманың теннис мачтары қазақстандық телекөрермендер үшін өте қызықты.
Бұл күндері Астанада елорданың Ұлттық теннис орталығының ашық корттарында негізгі жеке матчтар мен жұптасқан ойындар өтуде. Турнирге әлемнің 25 елінен тенисшілер қатысуда, олардың арасында Ресей, Израиль, Украина, Португалия, Таиланд, Түркия және Қазақстан спортшылары бар. Турнирдің жалпы жүлде қоры 225 мың долларды құрайды.
Тікелей ТВ-трансляциялар кестесі
27 шілде, сенбі, 11.55, «Ел арна» телеарнасы
Жұптасқан ойындар (финал - ерлер)
Жұптасқан ойындар (финал - әйелдер)
Негізгі жекелей матчтар (жартылай финал - ерлер)
Негізгі жекелей матчтар (жартылай финал - әйелдер)
28 шілде, жексенбі, 11.55, «Ел арна» телеарнасы
Негізгі жекелей матчтар финал - әйелдер)
Негізгі жекелей матчтар (финал - ерлер)