Сериал Қазақстан жастарының проблемалары, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру, жұмыс пен сабақты бірге алып жүру, жастық армандар мен қиялдар, үміттер мен махаббат туралы. Сериалдың басты кейіпкерлері -университеттің екінші курсында оқитын, жатақханада тұратын студент Әсел мен оның достары.
Қазақстандық телевидениеге жаңа еуропалық формат алып келген сериалды кино әлеміндегі танымал Қарпықовтар бастаған топ жасауда. Абай Қарпықов сериалдың бас продюсері болса, ұлы Әлмири Қарпықов жобаның креативті директоры. Қоюшы- операторы Алексей Беркович, қоюшы-суретшісі Өмірзақ Шманов. Режиссёрлары - Галина Ефимова мен Шыңғыс Қапин. Бас редакторы - Зәуреш Ерғалиева. Сериалдың сценарийін тоғыз автор жазған. Олардың ішінде "Қара шегіртке", "Тоғысқан тағдырлар" сериалдарынан танымал Альбина Ахметова, Александр Кан, Оксана Бондаренколар бар.
Сериал кейіпкерлері 1,5 мың адамның ішінен кастинг арқылы таңдалып алыныпты. Түсірілімдерде Аружан Жазылбекова, Талғат Фаррук, Самат Мамиев, Фируза Гареева, Айсұлу Әзімбаева, Ринат Малцагов сынды жас актерлер өнер көрсетеді.
"Сериалдың форматы ерекше. Бір жағынан комедия, бір жағынан кейіпкерлер жастар арасындағы өте маңызды проблемаларды қозғайды. Менің ойымша, осыған орай сериалды табысты тағдыр күтіп тұр",- дейді сериалдың бас продюсері Абай Қарпықов. Оның айтуынша, сериалдың бірінші кезеңі 80 эпизодтан тұрады. Жалпы алғанда 24 минуттық 14 серия түсірілмек.