Өңірлер бойынша:
* Шығыс Қазақстан облысында – 2 өрт;
* Қарағанды облысында – 1 өрт;
* «Марқакөл» МТҚ – 1 өрт;
* «Қорғалжын» МТҚ – 1 өрт;
* «Баянауыл» МҰТП – 1 өрт;
* «Қарқаралы» МҰТП – 2 өрт;
* «Ертіс орманы» МОТР – 2 өрт;
* «Семей орманы» МОТР – 2 өрт;
* «Жасыл аймақ» РМК – 1 өрт.
Өрт ошақтары РМҚК «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталды. Өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді.
Өртті сөндіруге РМҚК «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының Ми-8 тікұшағы су төгу құрылғысымен (ВСУ), әуе өрт сөндіру қызметі, сондай-ақ мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қазіргі сәтте бірқатар өңірде өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Елімізде аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен РМҚК «Қазавиаорманқорғау» күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік апта ішінде 30 орман өрті тіркелген еді.