Өңірлер бойынша:
• Ақмола облысы – 1 өрт;
• Батыс Қазақстан облысы – 2 өрт;
• Абай облысы – 1 өрт;
• Қостанай облысы – 2 өрт;
• Павлодар облысы – 1 өрт.
Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы барысында дер кезінде анықталды.
Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары, арнайы техникалары, сондай-ақ өзара іс-қимыл аясында басқа да күштер мен құралдар жұмылдырылды.
— Жедел әрі үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде өрттердің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілмей, оларды оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда. Республика аумағында аптап ыстық пен найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты азаматтарды, табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Катонқарағай ұлттық паркінде шыққан өрт ауыздықталғаны анықталды.