«Біз шет елдердегі көптеген гранд турларды білеміз. Мысалы, Швейцарияда бүкіл ел аумағын қамтитын үлкен тур өтеді. Оны туристер бөліп-бөліп немесе толығымен өткізе алады. Осылайша, бір саяхатта бүкіл бағытты біле аласыз. Маршрут бойында түрлі тақырыптарға арналған, көліктің әр түрімен ұйымдастырылатын, бірнеше іс-шара ұсынатын турлар құрылуы мүмкін», - деп атап өтті министр.
Министрлік осы бағыттарды жоспарлы түрде дамытуды ұсынады. Алдымен, таңдалған маршруттарды абаттандыру, екінші кезеңде «жұмсақ» инфрақұрылымды және маршруттарды сапалы тұрғыда дамыту. Келесі кезең – туроператорлармен бірге мақсатты түрде турларды белсенді жылжыту.
Бұған дейін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев пандемия салдарынан отандық туризм миллиардтаған шығынға батқанын мәлім еткен.