Дүйсенбі күні, 11 маусымда Жамбыл облысының Шахан ауылында Талас өзеніне суға түсу кезінде 20 жасар жігіт батып кетті. Мәйітті судан оның туыстары алып шықты.
Сол күні Орал қаласында Жайық өзенінде суға түсуге белгіленбеген жерде шомылу барысында 41 жастағы ер адам батып кетті. ҚР ТМЖ Батыс Қазақстан облысы ТЖД судан-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының көмегімен оның денесі жағаға шығарылды.
Дүйсенбі күні Петропавл қаласында Есіл өзені арқылы көлік көпірінің ауданында 35 жастағы ер адам суға кетті. Оның мүрдесі жер бетіне ҚР ТМЖ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің (4 адам мен 1 техника) күшімен шығарылды.