Ел аумағында бір аптада 7 мыңнан астам қылмыс жасалды - ҚР ІІМ
12:53, 20 Ақпан 2013
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Ел аумағында апта ішінде 7247 қылмыс тіркелді, оның 4245-і ізі суымай ашылды.
Бұрын жасалған 712, соның ішінде өткен жылдар санатындағы 215 қылмыс әшкереленді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Іздеу жарияланған 110 қылмыскер іздестіріліп табылды. 9 дана қару тәркіленіп, 78 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 31-і сату фактісіне қатысты.
Сондай-ақ 352 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Оның 3 келі 322 грамы - героин.