Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
"Жыл басынан бері республикада 1082 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 698-і сату, ал 10-ы контрабанда фактісі. Жалпы бір тоннадан аса есірткі, оның ішінде 46,9 келі героин тәркіленді», - деді ол.
Мәселен, ресми өкілдің айтуынша, Астанаға кіре берістегі «Қызыл Жар» бекетінде «Тойота-Превия» автомашинасы тоқтатылған. Көлікті тексеру барысында салонда отырған Қарағанды облысының 36 жастағы жолаушысының сөмкесінен 11 келіге жуық (10 келі 989 грамм) гашиш табылып, алынған.
Оның айтуынша, есірткіні Қарағанды қаласында сатып алып, Астанада сатпақшы болған.
«Қазіргі уақытта есірткі затын сатып алу және жеткізу арнасын анықтау бойынша жедел іздестіру және арнайы іс-шаралар кешені ұйымдастырылды», - деді Н.Ораз.