Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникова мәлім етті.
«Өткен жылмен салыстырғанда дала өртінің саны азайғанын, дегенмен орман өрті санының өскенін атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында 17 дала өрті тіркелген. Өрт шарпыған алаң 1700 гектардан астам жерді құрайды. Келтірілген залал 2,5 млн. теңгені құрайды», - деді ол.
Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, осы жылы 84 млн. теңгеден астам материалдық шығын келтірген 298 дала өрті болды. Қызыл жалын 4750 гектар жасыл желекті отқа ораған.
Айта кетерлігі орман өрті Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында тіркеліп отыр. Ал дала өрті Шығыс Қазақстан облысында көп шығуда.