Ел аумағындағы аптап ыстық 10 шілде күні де сақталады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 10 шілде күні жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман күтіледі.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында түнде және таңертең дауыл көтеріліп, 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, кей жерлерде Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында қатты ыстық болады.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар