Ел аумағының басым бөлігінде 22 қыркүйекте күн ашық болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстікте, шығыста ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (көбінесе жаңбыр түрінде), республиканың оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталықтың кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Павлодар облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде -тұман. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.