Халықаралық әйелдер күні солтүстік аймақтарда атмосфералық ағынның өтуімен, кей жерлерде қар жауып, температура төмендейді, бірақ ол нормадан жоғары болады.
11:53, 06 Наурыз 2017
Ел аумағының басым бөлігінде күн жылы және жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша алдағы екі күнде (7-8 наурызда), Қазақстанның көптеген облыстарында ауа-райы жылы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы климаттық нормадан 3-5ºС жоғары болады деп күтілуде.