деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ішкі істер органдары Көкшетау және Петропавл қалаларында 100 мың теңге мөлшерінде төлем салған әрбір азаматқа қысқа мерзім ішінде төрт есе табыс табуды ұсынған «КазРосИнвестпроект» шағын несиелік ұйым» ЖШС-і қызметінің жолын кесті.
Қазіргі уақытта, ішкі істер органдары аталған ұйым басшыларының үстінен алаяқтық белгілеріне байланысты қылмыстық іс қозғап, компанияның қызметіне тексеру жүргізуде.
Сонымен бірге қолда бар ақпаратқа сәйкес, дәл осындай ұйымдар республиканың басқа да аймақтарында, оның ішінде Астанада да әрекет етуде.
Заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында, Астана қаласының прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарын астана аумағында ұқсас алаяқтық әрекеттердің болуы мүмкін екендігін ескертеді.
Осыған байланысты, қаржы «пирамидасының» белгілері бар қандай да бір заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз.