Ел аумақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал
Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстікте, шығыста ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (көбінесе жаңбыр түрінде), күндіз жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде - тұман.
Павлодар облысында, түнде Алматы облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.