Ел аумақтарының басым бөлігінде 29 тамызда күн ашық болады
07:28, 29 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді.
Тек республиканың солтүстігінің және шығысының кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 0-3 градус үсік болады. Қызылорда облысында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.