Ел аймақтарында ауа райы құбылмалы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ауа қысымының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей аймақтарда жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Ал еліміздің кейбір бөліктерінде тұман түседі деп күтілуде. Атап айтқанда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарында, ал түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырау облысында түнде және таңертең тұман болады.