Дүйсенбі, 14 мамыр күні Талдықорған қаласында 11 жастағы бала абайсызда Қаратал өзеніне құлап, суға батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ-нің Алматы облысы бойынша су-құтқару қызметінің жеке құрамының 4 адамы және 2 техникасының көмегімен шығарылды.
Сол күні Ақтөбедегі Елек өзенінде 25 жасар жігіт су астына кетті. Оның мәйітін ҚР ТЖМ-нің Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі жеке құрамның 11 адамы және 2 техника бірлігінің күшімен шығарды.
Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысындағы Бұлақ ауылында жасанды қазаншұңқырда шомылып жатқанда 17 жасар бозбала суға батып кетті. Оның мәйіті ҚР ТЖМ-нің Солтүстік Қазақстан облысындағы ТЖД-нің су-құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы және 1 техникасының көмегімен шығарылды.