Ел болашағы үшін шешім қабылдауда халықтың пікірі маңызды - Жазира Жаппарқұл

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл №38 референдум учаскесінде дауыс берді.

Фото: Шымкент өңірлік коммуникация қызметі

ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері еліміздегі аса маңызды шешімдер халықтың пікірін ескеріп барып қабылданатынын атап өтті.

- Бүгін - еліміз үшін маңызды күн. Ел тұрғындары, жастар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Менде өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Қазіргі уақытта бізге ең керегі - елдің бірлігі мен ынтымағы. Баршамыз осы құндылықтарымызды сақтай алсақ, алынбайтын қамал жоқ, - деді Ж.Жаппарқұл.

Шымкент қаласында тұрғындар АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген азаматтардың көңіл-күйі де көтеріңкі. Кейбір тұрғындар рефердум учаскесіне бүкіл отбасымен бірге келіп, дауыс беруде. Ал, кейбірі әріптестерімен келіп өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – еркін күрестен ҚР «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» Ермек Байдуашов.

Талай рет байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спортшы өз таңдауын жасап, дауыс берді. Сондай-ақ, көпшілікті референдумға белсенді қатысуға шақырды.