ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл туралы жас сайлаушы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Құралай Амангелді мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, №435 сайлау учаскесінде дауыс берген кезде толқыныс сезімінде болды.
«Мен биыл университеттің бірінші курсын аяқтап жатырмын. Ел Президентін сайлауға келіп, дауыс беруді Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде борышым деп есептеймін. Қазіргі сайлау ел болашағына тікелей қатысты. Сондықтан әркімнің де өз таңдауын жасағаны маңызды. Осыған өз үлесімді қостым деп есептеймін», деді ҚазАқпарат тілшісіне Құралай Нұржанқызы.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың екінші курс студенті Әлихан Әлібеков те алғаш рет өз таңдауын жасағанын жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).