Ел бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкентте, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы 40–44 °C дейін көтеріледі деп күтіледі.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бірқатар өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Найзағай кезінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін. 

Еске салсақ бүгін қай қалаларда ауа сапасының нашарлайтыны белгілі болған еді