Ел біріншілігінде Ләззат Күнгейбаева қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Фото: Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Қазақстан чемпионатында Ләззат Күнгейбаева (81 келі) жартылай финалға шықты.

Ол ширек финалда Түркістан облысынан келген Гүлсезім Садықовамен шаршы алаңға шыққан еді. Бірінші раундта Ләззат қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша ол ел біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетсек, Ләззат Күнгейбаева 2016 жылғы әлем чемпионы, екі мәрте әлем чемпионатында (2014, 2023) күміс жүлдеге қол созды. Ал 2021 жылы Азия чемпионы болса, Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қарағанды қаласында өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші жарыс күні аяқталды.