Ел біріншілігінде Жамбыл облысының көкпаршылары жеңімпаз атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. Біріншілік барысында Жамбыл облысының құрамасы жеңімпаз атанды.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
20-27 сәуір аралығында өткен ел біріншілігіне 16 облыстан 200-ге жуық көкпаршы келді.
Аса тартысты, қызықты өткен жарыс нәтижесінде Жамбыл облысының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орын Алматы облысына бұйырса, үздік үштікті Түркістан және Қостанай облысы түйіндеді.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Ел біріншілігінде үздік қорғаушы, шабуылшы, ойыншы, сәйгүлік анықталды. Сондай-ақ, жеңіске деген жігері үшін құрамалар марапатталды. Оған қоса үздік төрешіге құрмет көрсетілді. Олардың барлығына ақшалай сый-сияпат көрсетілді.
Республикалық Көкпар федерациясы президенті Бауыржан Исабаев Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшылығына, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.