Эльбрус шыңынан құлаған альпинистер табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Эльбрус шыңынан түсіп келе жатқанда құлап кеткен екі альпинисті тапты.

Олар кеше кешқұрым құтқарылды. Екеуі де Мәскеу тұрғындары. Бірінің аяқтары сынған, екіншісі тіпті жарақаттанбаған да. ИТАР-ТАСС-тың жазуынша, бұл оқиға 5,2 шақырым биіктікте орын алған.