«Құтқарушылардан көмек сұраған рязаньдық топ тікұшақпен эвакуацияланды»,- деді жедел кезекші.
Оның айтуынша, саяхат 4 қарашаға дейін жалғасуы тиіс болған. Бірақ жел палатканы жыртып, топ мүшелері үсуге шақ қалған. Сондай-ақ олар бағыт-бағдарды да жетік білмеген.
«13:30-да Рязань қаласының туристері Азау алаңқайына жеткізілді. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ»,- дейді құтқарушылар.