Қайғылы жағдай бейсенбіде мәскеу уақыты бойынша сағат 06.00-де орын алды. Еуропаның биік шыңы - Эльбурс тауына шығу кезінде - теңіз деңгейінен 4,9 мың метр биіктікте арқан үзіліп кетіп, екі альпинист ажал құшты.
Ресей ТЖМ Эльбурстық таудан іздеу құтқару жасағының бастығы Абдуллах Гулиевтің айтуынша, олар төрт адамнан құралған ресей туристер тобы болған. Қайғылы оқиғаға қарамастан, қалған екеуі одан әрі биікке өрмелеуін жалғастырған. Қаза тапқандар альпинистерді ертіп жүретін тәжірибелі гидтер.
Қаза тапқандардың екеуі де Нальчик қаласының тұрғындары. Олардың құлауына тау беткейіндегі ашық мұз себеп болуы мүмкін.