Альпинист тірі және есінен танған жоқ, оны төменде орналасқан Терскол кентіне алып кетті, онда Апаттар медицинасының бригадасы күтуде, деп хабарлады Ресейдің ҚБР бойынша ТЖМ баспасөз қызметінен.
Қайғылы оқиға таңертең сағат 08:30 шамасында орын алды. Эльбрус іздеу-құтқару жасағына оқиға туралы топтың аға қатысушысы хабарлады. Артынша сегіз құтқарушы туристі іздеуге шұғыл аттанған.