Беров спортшы құлаған кезде аздап жарақат алғанын нақтылады. Сейсенбі 09.55-те Эльбрус тауының шығыс беткейінің оңтүстік жағынан 5100 метр биіктікте тау басына шығып бара жатқан кезде спортшы жыраға құлап кеткен. Эльбрус биік таудан іздеу-құтқару жасағының бес құтқарушысы оны іздеуге шықты.
18:55, 03 Қаңтар 2017
Эльбрусте құтқарушылар жыраға құлаған альпинисті алып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «11.00-де құтқарушылар көмек сұрап жүгінген альпинисті іздеп, мұз құрсауынан алып шығып, төмен түсірді», деп хабарлады сейсенбіде «Интерфаксқа» Ресей ТЖМ ММ баспасөз қызметінің басшысы Қантемір Беров.