Ел чемпионаты аясында «Алматы» баскетбол клубы «Тобылмен» күш сынасады

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 21-22 қаңтар күндері ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында «Алматы» (Алматы) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары арасында екі кездесу өтеді.

Қазір турнир кестесінде «Алматы» 4 жеңіс, 6 жеңіліспен - төртінші, «Тобыл» 3 жеңіс, 7 жеңіліспен бесінші орында келеді. Одан кейінгі орында 3 жеңіс, 9 жеңіліспен «Қапшағай» (Алматы облысы) командасы тұр. Ал 1-3-ші орындарда сәйкесінше «Астана» (Астана), «Барыстар» (Атырау), «Каспий» (Маңғыстау) командалары орналасуда. «Алматының» ұпай айырмасындағы пайыздық көрсеткіші «Каспиймен» бірдей (40 пайыз) болса, «Тобылдан» 10 пайыз жоғары. Ал «Астанадан» - 60, «Барыстардан» - 20 пайызға төмен.