Ельциннің інісі РФКП қатарына кірді
09:59, 22 Қараша 2011
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Ресейдің тұңғыш президентінің немере інісі РФКП қатарына өтті.
Коммунистердің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Станислав Глебовқа партия билетін Мемлекеттік Дума депутаттығына кандидат Павел Дорохин тапсырды.
Борис Ельцин СОКП қатарында 1961-1990 жылдары болды. Одан кейін партияның 28-съезінде одан шығатынын мәлімдеді. Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы СОКП-тың қазіргі мұрагері болып табылады.