Эльдар Рязанов жүрек талмасымен ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Эльдар Рязанов жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады gazeta.ru LifeNews-ке сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, жедел жәрдемді 87 жастағы режиссердің тынысы тарыла бастағаннан кейін туыстары шақырған.

Келген дәрігерлер тексергеннен кейін оған алдын ала жүрек талмасы диагнозын қойып, мәскеулік клиникалардың біріне жатқызуға шешім қабылдайды.

Бұдан бұрын ресейлік режиссер Эльдар Рязанов денсаулығының нашарлауына байланысты жедел түрде Бакулев атындағы орталыққа жатқызылған. Кейіннен ол ауруханадан жазылып шыққан болатын.

Айта кетейік, Эльдар Рязанов атақты «Зигзаг удачи» (1968), «Старики-разбойники» (1971), «Невероятные приключения итальянцев в России» (1973), «Ирония судьбы, или С лёгким паром!» (1975), «Служебный роман» (1977), «Вокзал для двоих» (1982) сынды көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген фильмдердің бас режиссері болған.