өйткені олар шынымен де пастереллез вирусын тасымалдаушы болып табылады. Бұл пікірді бүгін елордада өткен киіктерді қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жалпы кірісін есептеу жөніндегі ведомствоаралық отырыс барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев білдірді.
Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысында 11920 бас түз жануарының қырылып қалғанын еске салған ол: «Қазіргі уақытта біз киіктердің патереллез вирусын тасымалдаушы болып табылатындығын айта аламыз», - дейді.
Сондай-ақ комитет төрағасының атап өтуіне қарағанда, еліміздің ғылыми ұйымдарына киіктерді қорғау мәселесі бойынша ғылыми зерттемелер жасауға ұсыныстар берілуде. Алайда ол қосымша қаражатты қажет етеді. Дегенмен қазірдің өзінде үш ғылыми ұйымнан бұл мәселені зерделеуге байланысты ұсыныс түсіп отыр. Олардың ұсыныстары ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп қарастырылатын болады.
«Киіктердің ауруы аз зерттелген. Сондықтан біз бұл іспен айналысатын боламыз. Кеңес уақытында Ресейде бұл бағытта атқарылған жақсы жұмыстар болды. Менің ойымша, аталмыш мәселе өте маңызды әрі онымен айналысу қажет», - деді Е.Нысанбаев.