Ел игілігі үшін түрлі салада өзімізді көрсетуге, бәрін жасауға, жұмыс істеуге мүмкіндігіміз мол - құрметті металлург Тоқтархан Ысқақов

None
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды, Қызылорда, Атырау облыстарында «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» аймақтық форумдары өтті.

Жыл сайынғы «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» республикалық форумының аясында өткізілген іс-шараның басты мақсаты - аудандардың қалыптасуы мен жүйелі дамуына, сол арқылы тұтастай тәуелсіз Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосқан аудан тұрғындарының жетістіктерінің тарихын айқындап, көрсету, деп хабарлады «Назарбаев Отарлығы» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі. .

Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткен салтанатты шара Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында өткізілді. 2011 жылы ашылған Орталық - салтанатты киіз үй түріндегі теңдесі жоқ сәулетті жоба - Ұлт көшбасшысының жай ғана тағдыр жылнамасы емес, тәуелсіз Қазақстанның да тағдыры деп атауға болады. Мұражайдың алты залында Н.Назарбаевтың тұлғалық қалыптасуы мен мемлекет игілігіне жасаған жұмыстарының тарихы көрсетілген.

Дәл осы жерде Президент Н.Назарбаевтың курстасы, құрметті металлург, «Құрмет» орденінің иегері Тоқтархан Ысқақов, техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Марат Ибатов, «Синергия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Достасу» медиация және құқық орталығы жетекшісі Майя Блащенко, «самбо» күресінен әлем чемпионы Никита Азаров өз жетістіктерінің құпиясын жерлестеріне әңгімелеп берді.

«Бүгін біз бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызды мақтанышпен айта аламыз, - деп атап көрсетті М.Блащенко. - Ел игілігі үшін түрлі салада өзімізді көрсетуге, бәрін жасауға, жұмыс істеуге мүмкіндігіміз мол. Біздің республикамыздағы сәтті жүзеге асырылып жатқан бейбітшілік пен келісім саясаты болмаса, мұның бірде-біріне жол жоқ болар еді. Үлкен ұлым Санкт-Петербург университетіне емтиханды сәтті тапсырып тұрғанына қарамастан, «Өз елімнен басқа еш жаққа да кетпеймін!» деп, Қарағандының жоғары оқу орнына түсті.

Тоқтархан Ысқақовтың өмірлік ұстанымы: «Металлургия - менің тағдырым!» Ол Семей облысында дүниеге келген, ядролық полигондағы сынақтың куәгері. «Әскерден келген соң, Қарағанды политехникалық институтына оқуға түстім. Көп ұзамай елдің болашақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та студент болды... Тәуелсіздік жылдарында көп нәрсе болды, дегенмен мен тәуелсіз елімізбен бірге, көркейіп, өсіп-өніп, жетілгенімді мақтан тұтамын... Жерлестеріме еліміздегі, қаламыздағы сәтімен, табысты атқарылып жатқан шаруалардың барлығын сақтай біліп, кейінгіге жеткізсін деген тілегімді арнағым келеді», - деп сөзін түйді Т.Ысқақов.

«Қазіргі таңда Қазақстанның ядролық қарусыздандыру мен ядролық қауіп-қатерді қысқарту процесіне қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен мойындалды. Біз адамдарды өз еркімен Президент Н.Назарбаевтың халықаралық АТОМ Жобасын қолдауға, сөйтіп өмір сүріп отырған әлемімізді ұрпақтың жарқын болашағы үшін ядролық қарусыз әлемге айналдыру мақсатына шақырамыз», - деп жиналғандарға жастар атынан сөз сөйлеген Н.Азаров.

«Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» форумы аясында қатысушылар АТОМ Жобасының петициясына қол қойды. Іс-шара барысында көрсетілген ғылыми-инновациялық және әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.