«Ел іші - өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауы өтеді
Байқауға облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының көркемөнерпаз шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары қатыса алады.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері мыналар:
1) жаңа дарындарды анықтау және таланттарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету;
2) таланттарға қолдау көрсетуге және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;
3) тұрғындардың жалпы мәдени деңгейін көтеру;
4) жұрттың бос уақытын және эстетикалық тәрбие алуын ұйымдастыру;
5) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
6) Қазақстан халқы мәдениетін жандандыру, сақтау, дамыту және тарату;
7) жастардың ұлт руханиятынан тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету.
Байқау төмендегідей жанрлық номинациялар бойынша өткізіледі:
1) музыка және би;
2) театр өнері және оригиналдық жанр;
3) бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер.
Байқау аймақтарда іріктелген өнерпаздар қатысқан Астанадағы гала-концертпен аяқталады. Бұл шара туралы БАҚ-тарда жарияланады.
Байқау үстіміздегі жылдың мамыр-қараша айлары аралығында өткізіледі.
Байқауға қатысуға жеке шығармашылық ұжымдар мен 15 пен 35 жас аралығындағы жеке орындаушылар шақырылады.
Байқауға қатысуға өтінішті жергілікті жерлердегі мәдениет басқармалары қабылдап, оның өткізілу мерзімі мен орны туралы мәліметті Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2012 жылдың мамыр айына дейін ұсынады.
Қатысушылар өзі таңдаған шығарманы орындау ұзақтығы 3-5 минуттан аспауы керек. Ең жақсы деген ұжымдар мен орындаушылар Астанада өтетін қорытынды гала-концертке қатысады. Байқаудың жеңімпазы қазылар алқасының шешімімен гала-концертте анықталады.
Байқау туралы толық мағлұматты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан (www.mk.gov.kz) алуға болады.