2012 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 50 пайызға азайып, 3209 адамды құрады, ал Қазақстаннан кеткендер саны 23,9 пайызға кеміп, 2650 адамды құрады.
Атап айтқанда, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен орын алуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің саны, тиісінше, 2575 (80,2 пайыз) және 2442 (92,2 пайыз) адамды құрады.
«Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 21,1 пайызға азайды және 46,9 (59,4) мың адамды құрады. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 6 өңірінде байқалды: Астана (2378 адам) және Алматы (834 адам) қалаларында, Алматы (989 адам), Маңғыстау (391 адам), Атырау (85 адам) және Павлодар (27 адам) облыстарында»,-делінген агенттік мәліметтерінде.