Айтысты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы бірлесіп ұйымдастырған.
Айтыстың бас жүлдесі - КІА автокөлігін Еркебұлан Қайназаров жеңіп алды, ал 1-орынды павлодарлық Аспанбек Шұғатаев еншіледі. 2-орын жас ақын Мейірбек Сұлтанхан мен қытайлық қандасымыз Анаргүл Бәделханның қанжығасына байланды. Жыр додасында 3-орынды Мақсат Аханов пен Қарлығаш Әубәкірова иеленді.